Ел Елбасына сенеді
Президент Назарбаев – қазіргі заманғы саясаттағы жарық жол салған кемеңгер тұлға. Елбасы – өте тәжірибелі, белгілі деңгейде талапшыл, жедел шешім қабылдай алатын адам. Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы экономикамен бірге білім және ғылым саласын дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасындағы көшбасшылық қызметі қоғамның саяси өмірінде басты рөл атқаратындығымен айқындалады. Әлбетте, оның саяси іс-әрекеттерінің барлығы заң шеңберінде іске асырылып келеді. Алайда, 2017 жылы Қазақстанда Конституциялық реформа жүзеге асырылғалы бері арагідік болса да жұртшылық арасында мерзімінен бұрын болатын президенттік немесе парламенттік сайлау, тіпті билік транзиті туралы болжамдар айтылып қалады. Осы ретте Президенттің Конституциялық Кеңеске өтініш жасауы ол қалыпты жұмыс жағдайындағы процесс қарапайым мәселе екенін айта кету керек. Ол туралы Елбасы өзінің мәлімдемесінде толық түсіндірме беріп өтті.
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестен Конституцияның Мемлекет басшысының өкілеттігін тоқтату шарттары туралы тармағын түсіндіруді өтінген. Өйткені, Конституцияда Президентті алмастыру жолдары айқындалмаған, сондай-ақ оның еркімен отставкаға кету жағдайы қарастырылмаған. Мұндай нормалар әлем елдері конституцияларының бәрінде бар.
Өз мәлімдемесінде Н. Назарбаев Мемлекет басшысын мерзімінен бұрын сайлау өтпейтінін мәлімдеді.

"Бүгінде қоғамды сайлау мәселесі қызықтырады. Бірақ, бұл тақырыпқа қатысты жұртты дүрліктірудің қажеті жоқ. Ата заңымызда, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заңда сайлау өткізудің тәртібі мен уақыты, өкілеттіліктің аяқталу мерзімі анық жазылған. Конституцияға сәйкес Президент кезектен тыс сайлау өткізу жөнінде мәлімдеме жасауға құқылы, бірақ ондай жағдай бола қоймас. Сондықтан, тыныштық сақтап, күнделікті жұмыспен айналыса беру керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент өте тәжірбиелі кәсіби деңгейі жоғары саясаткер және ол қарапайым адамдар үшін электоралдық ойындардан көрі күнделікті өмірдегі тіршілік жағдайлары толғандыратындығын жақсы түсінеді. Президентіміз тек ел ішінде ғана емес шетелдіктер алдында да үлкен сенімге ие. Шетелдік әріптестері оны еліміздің табысты даму кепілі ретінде таниды. Өйткені ол еліміздің беделін асқақтататын 5 институционалдық реформа секілді ауқымды модернизациялық жобаның бастамашысы.
Мемлекет басшысының тағы бір айта кететін саяси қадамдарының бірі, ол биылғы жылды елімізде «Жастар жылы» - деп жариялауы. Бұл өз кезегінде еліміздің ертеңі үшін жас буынның болашаққа деген сенімді көзқарасын қалыптастыруына септігін тигізері сөзсіз.
Жоғарыда аталған Елбасының сарабдал саясатының басым-бағыттары еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының өсуі мен қазіргі әлемдік дағдарыс кезіндегі экономикалық тепе-теңдікті сақтауға кепіл болатынына сеніміміз мол.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ,
журналист, қоғам белсендісі.