Қызылордада 31 нысан терроризм қаупінен қорғалмаған
Қызылордалық полицейлер террористік тұрғыдан осал объектілерді тексеруде, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылы жүргізілген тексеру жұмыстары нәтижесінде Заң талаптарына сәйкес келмейтін нысандар анықталды.
Осыған орай, терроризмге қарсы қауіпсіздікті сақтамаған 31 объектінің басшысы жауапкершілікке тартылып, оларға 27 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.