Эколог: Арал теңізінің астында судың мол қоры болуы мүмкін
Қарақалпақ елінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанынан табылған су көзіне қатысты жазушы, эколог Сайлаубай Жұбатырұлы пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бірақ бұл су бір нышан, белгі сияқты. Және оны қарақалпақ ағайындар қалай пайдаланбақ? Мүмкін сол жерден кішкентай шыққан суды Мойнаққа, әрі қарай Нүкіске, мына жағы Қоңырат, мына жағы Қазақдария, Тақтакөпір деген жерлері бар ғой, соларға тартып, ауызсу ретінде пайдаланатын болса, бұл олардың қуанышы, өздерінің табысы. Ал біздің хабардан күтетініміз, үлкен ақсақалдарымыз айтқандай, тарихтың аңызынан келгендей, теңіз түбінен тасып, субұрқақтар атылып, қалпына келіп жататындай болса, біз оған өте қуаныштымыз», - дейді Сайлаубай Жұбатырұлы.