Жаңақорғанда түнде сот отырысы өтті
Жаңақорған аудандық сотында «Түнгі сот» жобасы аясында азамат С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, өз ісіне өкінетіндігін айтты. Ол келтірілген залалды толық өтеген. Сот барысында жәбірленуші құқық бұзушыға қояр талап-тілектері жоқ екенін айтқан.
Аудандық соттың қаулысымен азамат С. кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш айыппұл мөлшерін 30 пайызға қысқартып, 33670 теңге айыппұл салынды.