Балық өнімдеріне арналған жәрмеңке өтті
Арал қаласында балық бағасын тұрақтандыру мақсатында жәрмеңке өткізілді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Балықшылар жайын, көксерке, сазан, ақмарқа, тыран, торта, шортан, тісті секілді балық түрлерін қала тұрғындарына нарықтағы бағадан 10-15% төмен бағада тұтынушыларға ұсынды.
Сондай-ақ, ысталған балықтар мен уылдырық, балық алқымы мен жон еті, тартылған балық еті саудаға түсті.
Жәрмеңке аясында «Жүрегім мейірімге толы» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, аз қамтылған 80 отбасына балық және балық өнімдері тегін таратылды.
Жәрмеңкеге тиімді бағада сатылған өнімдерге қызығушылық танытқан тұрғындар саны да көп болды. Осындай балық жəрмеңкесі алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.