Қызылорда облысы әкімінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі тағайындалды
Нәлібаев Мақсұт Ыбрайханұлы Қызылорда облысы әкімінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
М.Нәлібаев 1961 жылы туылған.
Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын «Инженер-гидротехник» және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғарғы мектебін
«Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Кызылордаремводстрой» трестінде инженер ретінде бастаған.
1988-2016 жылдары құқық қорғау органдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған.
Атап айтқанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің Қызылорда, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы аумақтық департаменттерін басқарған.
2016 жылдан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарып келді.