«QazaqGeography» Арал мәселесін талқылады
«QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінде «Арал теңізі бассейні: бағалау, болжау, басқару» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Жиынның мақсаты Арал өңіріндегі ғылыми-экспедициялық жұмыстарды ұйымдастырудағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және ортақ мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын талқылау болды.
Осы мәселе төңірегінде өткен кездесуге халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы дирекциясы, Барсакелмес мемлекеттік табиғи резерваты, Назарбаев университеті, «Астана» ҰКП география және табиғатты пайдалану институты, «Орталық Азиядағы су ресурстарын трансшекаралық басқару» бағдарламасы (GIZ), Қазақстан Республикасындағы БҰҰДБ, «Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы» (ҚБСҚ) қатысты.