Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!
Ақпан айының 4-8 күндері аралығында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы облыс көлемінде «Назар аударыңыз – жаяу жүргінші!» профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жаяу жүргіншілердің жол жүріс қағидаларын сақтамауларын анықтау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың жолын кесу, жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауын ескерту.