Қазақстанда студенттердің жартысынан астамы – қыздар
Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің жалпы саны 2018/2019 оқу жылында 542 458 адамды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Студенттердің 53,9% немесе 292 231 - қыздар.
Биыл студенттер саны былтырғыдан 9,3% көбейді. Еліміз жоғары оқу орындарына 2018/2019 оқу жылында 163 336 адам қабылданды. Бұл ретте, 51 779 адам түрлі себептерге байланысты оқу мерзімі аяқталғанға дейін шығып кеткен.
Студенттердің 73,6% - күндізгі бөлімде, 19% - сыртқы, ал 7,4% кешкі бөлімдерде білім алады. Мемлекеттік грант негізінде оқып жүргендер 162 877, бұл студенттердің жалпы санының 30% құрайды. Ал ақылы бөлімде оқитындар саны - 379 581, яғни 70%. Мемлекеттік тілде студенттердің - 64,5%, орыс тілінде - 31%, ағылшын тілінде 4,5% білім алады.
130 691 білікті маман оқуды бітірген, бұл 2017/2018 оқу жылымен (127 084) салыстырғанда 2,8% көп.
Штаттағы профессор-оқытушылардың жалпы саны 38 275 адам, олардың 5 630-сы қосымша жұмыс істейді. Профессор-оқытушылардың 8,4% - ғылым докторы, 33,7% - ғылым кандидаты, 6% - профессор, 14,8% доцент атағына ие. Магистр дәрежесіне ие оқытушылар саны - 12 337 немесе 32,2%, философия докторлары (PhD) - 2 379 немесе 6,2%.
Қазақстандағы ЖОО саны, филиалдарын қоса есептегенде, 2018/2019 оқу жылының басында 128 болды. Соның 45-і - мемлекеттік, 79 - жекеменшік, 4 - шетелдік жоғары оқу орны.