Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 4 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, күндіз Қарағанды облыстарында кей жерлерде бұрқасын, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, Маңғыстау облысының кей жерлерінде - көктайғақ, Жамбыл, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.