Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 4 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Іскерлік серіктестермен қарым-қатынасты жақсартасыз. Оған тек аздаған күш салып, жоспары жасаңыз. Өзіңізге қажетті қаражатты тез табасыз. Қаржылық қиындықтар туындамайды.
Торпақ
Адамдармен қарым-қатынаста сабырлы болыңыз. Арандатушылардың ығына жығылмаңыз. Қатал мінезіңіз арқылы өзіңізге жау тауып алуыңыз мүмкін. Басшылармен кикілжің тудырмағаныңыз жөн.
Егіздер
Әділетсіздіктен бойыңызды аулақ ұстаңыз. Бұл іс-әрекетіңіз өзгелердің көңіліне қаяу түсіруі мүмкін. Уәдесінде тұра алмайтын жандармен байланысудың қажеті жоқ. Оларды қасыңызға жолатпаңыз.
Шаян
Өміріңіздегі кейбір тұстарды өзгертуге бел бусаңыз немесе өз мақсатыңызға жету үшін не істеу керек. Әрине, өз мүмкіндігіңізді дұрыс пайдалана білуіңіз қажет. Басқаша мақсатқа жету қиын.
Арыстан
Сізді бүгін тосынсыйлар күтіп тұр. Мол табыс күтіп тұр, ұтысты болуыңыз да мүмкін. Күтпеген жерден жаңа тыныстықтар орын алады. Олар сіздің қызметіңіздің өсуіне септігін тигізеді немесе қаржылай қолдау білдіреді.
Бикеш
Жолыңызда кездескен кез келген қиындыққа табандылығыңыздың арқасында қарсы тұра аласыз. Қызметтік лауазымыңыз бір саты жоғарылайды. Өз пікіріңізді дәлелдей отырып, батыл қадам жасай біліңіз.
Таразы
Көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Бүгінгі күн келіссөздер жүргізіп, келісім шарттарға қол қою үшін және жан-жақты байланыстар орнатуға қолайлы күн. Сондай-ақ кәсіподақтар құру ойда болса, бұл жоспарды да жүзеге асыруға болады.
Сарышаян
Қаржылық жағдайыңыз жақсы. Пайдасы мол келісім шартқа отырасыз. Бүгінгі күн белсенділік танытып, мақсаттарыңызға бір қадам жақындайсыз. Айналаңыздағыларға сыпайылық танытыңыз. Жақында сіз де олардан көмек сұрайтын боласыз.
Мерген
Өзіңіз де жаныңыздағылар да бігін тапқырлық танытады. Сапарға шығатын болсаңыз жолыңыз болады. Сауда ісімен айналысатындардың да, ғылым жолындағы жандардың да жолы болады.
Тауешкі
Бүгін сіз кімді болмасын өз дегеніңізге көндіре аласыз. Шешендігіңіз бен тартымдылығыңыздың арқасында өзгелерді жаныңызға жинай білесіз. Тоққа қосылатын техникалардан абай болыңыз.
Суқұйғыш
Жағымды тосынсыйлар мен сыйлықтар күте беріңіз. «Шығыс шықпай, кіріс кірмейді» демекші, көп шығынданасыз, алайда оның орны толады. Тартымдылығыңыз бен қулығыңыздың арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізесіз.
Балықтар
Сәтті күн. Алайда уақыттың тығыздығынан қиыналып та қаласыз. Шыдамсыздық танытпаңыз, керісінше, сабырлы бола біліңіз. Сізге келіп-кетер пайдасы жоқ кикілжіңдер мен даулардан бойды аулақ ұстаңыз. Сонда ғана өз денсаулығыңызды сақтайсыз және айналаңыздағылармен жақсы қарым-қатынасты боласыз. Жақын таныс емес адамдарға алданып қалудан сақтаныңыз.