Теміржолшылар партия бағдарламасын талқылады
Қызылордада «Жолаушылар вагондарын жөндеу-1» бастауыш партия ұйымының жиыны өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онда экономиканың барометрі атанған теміржол саласының мамандары партия бағдарламасын талқыға салды.
Бастауыш ұйым мүшесі Мейрамкүл Базарбаева партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасымен таныстырып, негізгі басымдықтарын талқылауға ұсынды.
Талқылау барысында теміржолшылар бағдарламаның мүгедек жандарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағыттылған 1 мақсатына мүгедектігіне және асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы көлемін арттырып, мүгедектер бірлестіктері қызметінің құқықтық базасын жетілдіру мәселесі енгізсе деген ұсыныстарын білдірді.
Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының кезектен тыс XXІ конференциясына делегаттар сайланды.
Айта кету керек, бүгінде «Жолаушылар вагондарын жөндеу-1» мекемесінде 400 ден астам адам еңбек етеді. Олардың 60 пайызы партия мүшелері. Мекеменің негізгі мақсаты – отандық вагондарды заманауи жоғары технологиялық жабдықпен жабдықтап, жолаушыларға қолайлы ету.