Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 2 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Сіздің тапқырлығыңызға қызыға қарайтындар болады. Ішкі түйсігіңіз алдамайды. Сондықтан оған толық сенім артуға болады. Бүгін өзіңізге қажет емес заттарды сатып, пайда табыңыз. Ол үшін тауарыңызға жақсы жарнама жасай біліңіз.
Торпақ
Барлық қарым-қатынаста өте сәтті күн. Отбасыңызға көңіл бөліңіз. Оларға өз қолыңызбен мерекелік дастархан әзірлеңіз. Сонымен қатар бүгін сумен ем қабылдасаңыз денсаулығыңызды нығайтасыз.
Егіздер
Бүгінгі күн үй ішін ретке келтіріп, жаңа заттар алуға өте ыңғайлы. Әйел адамдар өздерінің сырт келбеттеріне мән беріп, косметикалық ем-домдар жасау қажет. Бүгінгі күн бала тәрбиесімен айналысуға өте ыңғайлы.
Шаян
Айлаңызды асырып, қулығыңызбен жетістікке жетемін деп ойласаңыз қатты қателесесіз. Мұндай да өзгелердің сізге деген көзқарасы өзгеріп, жаныңызға жақын адамдармен сөзге келіп қалуыңыз мүмкін. «Өтіріктің соңы бір-ақ тұтам» екенін ұмытпаңыз. Өз ұстанымыңыздан таймаңыз. Сонда ғана барлығы жақсы болады.
Арыстан
Айлық жалақыңыздың өседі деп немесе қызметіңіз жоғарылайды деп ойлап жүрсіз. Бірақ бұл ойыңыз іске аспауы мүмкін. Сондықтан өз ойыңызға алданып, соңынан жүйкеңізді шаршатып алып жүрмеңіз.
Бикеш
Бүгін қабылдаған әрбір шешім дұрысынан болмақ. Жұлдыздар ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін сілтеп отыратын болады. Жасаған әрбір ісіңіз алға басып, жұмысыңыз жандана түспек. Әрбір күніңіз өзіңізге сабақ болады.
Таразы
Жұмысқа қатысты келіссөздер жүргізуге ыңғайлы күн. Бүгін сіз кез келген адаммен тіл табысып, оларды өз дегеніңізге көндіре аласыз. Танымдық экскурсияға шығып, айналаңыздағылардан мол ақпарат алуға болады.
Сарышаян
Сіз үшін өте сәтті күн. Бүгін жолыңыз болғалы тұр. Сізді бүгін сыйлыққа кенелесіз. Ұтысқа немесе мол мұраға ие боласыз. Жалпы бүгінгі күн өте табысты болмақ. Айтпақшы қолда бар мүлкіңізді сақтандырып қоюды ұмыт қалдырмаңыз.
Мерген
Ата-анаңыздың немесе үлкендердің көмегін аласыз. Олар өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, көмек көрсетеді. Жұмыста ұсақ-түйекке мән беріңіз. Құжаттарды ретке келтіріңіз.
Тауешкі
Бүгінгі күн іскерлік басқосуларға ғана емес, сонымен бірге достық кездесулерге, романтикалық кештерге де өте қолайлы. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз. Сіздің сұлулығыңызға тең келер ешкім жоқ.
Суқұйғыш
Бүгінгі күн жағымды әсерлерімен есте қалмақ. Жаңа таныстықтар жақсы қарым-қатынасқа ұласады. Ішімдік пен сапасыз азық-түлік пайдаланудан сақтаныңыз. Өйткені сіздің жақсы көңіл-күйіңізді осылар ғана түсіре алады.
Балықтар
Бүгін көп адамдармен сөйлесіп, мол ақпаратқа ие боласыз. Бірақ шынайы ақпаратты ғана алуды ойлаңыз. Бүгін жүрген ортаңыз өтірікке толы. Осыған орай сіз де өз тарапыңыздан өтірік айтуға жол бересіз.