Қызылордада жекешелендіруге жататын 15 нысан белгілі болды
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

"Жалпы Жекешелендірудің кешенді жоспары шеңберінде облыста жекешелендіруге жататын 15 нысанның тізбесі белгіленіп, оның 8 нысаны 379,4 млн. теңгеге жекешелендірілді. Оның ішінде 3 нысан коммуналдық меншік бойынша – «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы», «Арал қалалық шаруашылық жүргізу құқындағы көпсалалы коммуналдық кәсіпорны», «Қызылорда облысының аумақтық мемлекеттік жекешелік әріптестік орталығы», 5 нысан «Байқоңыр» ӘКК бойынша – «Жаңақорған шипажайы», «Жан-Арай Жем», «Қызылорда құс фабрикасы», «Арал балық өңдеу зауыты», «КазРос Инновация» ЖШС", - деді Қ.Ысқақов.
Сонымен қатар, 6 нысан таратылды. Олар «Нұрсәт» теннис орталығы», «№2 қалалық емхана», «Сырдария» балалар сауықтыру лагері», Евразия спорт кешені, «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС, «Агро Холдинг Байқоңыр» ЖШС. Ал, «Қорқыт ата» әуежайы» АҚ тізімнен алынып тасталды.