Жастарға қызмет көрсету орталығы ашылады
Сыр өңірінде биылғы жастар жылына орай бірқатар шаралар өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.

«Облыс жастарына бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсету мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, жаңадан бой көтерген Сырдария өзенінің сол жағалауында Жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Аталған нысан «Жастар жылы» аясында пайдалануға берілетін болады», - деді Қуаныш Жанұзақов.
Әрбір қазақстандық келешектің негізгі факторы – білім екенін жақсы біледі. Саналы тәрбиемен қоса сапалы білім алу - аса маңызды. Осыған орай жастар жылында қызылордалық жастар бірқатар интеллектуалды-инновациялық жобаларды қолға алды. Олар «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі – жастардың заманауи білімінде» атты TEDх форматындағы республикалық форумы мен «Hack Day» және «HARDATHON» байқаулары.