Еліміздің басым бөлігінде қар жауады – 1 ақпанға ауа райы болжамы
1 ақпан күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Алматы облысының жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ болады. Түнде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады, Жалаңашкөл ауданында екпіні 20-25 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, 15-20 м/с жел күтіледі, екпіні 23-28 м/с артады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз бұрқасын болжанады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде кей жерлерде бұрқасын болады. Желдің күші 15-20 м/с артады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз Ақмола облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түркістан облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысында бұрқасын, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с екпінде жел болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 25 м/с күшеюі ықтимал.