Аралда балық жәрмеңкесі өтеді
2 ақпан күні Арал қаласында балықшылар жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Қалалық әкімдіктің мәлімдеуінше, жәрмеңке балық бағасын тұрақтандыру мақсатында өткізіледі. Онда Арал ауданының табиғат пайдаланушылар мен жеке серіктестіктері балық өнімдерін ұсынады.
Жәрмеңке Арал қаласындағы Тәуелсіздік алаңында өтеді.