Сырдарияда 78 пәтерлі 2 үй салынады
Алдағы уақытта Сырдария ауданында 78 пәтерлі 2 үй салынады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев мәлімдеді.
Осы уақытқа дейін аудан орталығында 18,0 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды.
«Тереңөзек кентінің Аманкелді және Ергешбаев көшелерінің қиылысына тұрғын үй кварталының құрылысы 2017 жылы басталып, 2018 жылы жалғасын тапқан болатын. 2018 жылдың қараша айында 3 қабатты 18 пәтерлі №3 тұрғын үй және 24 пәтерлі №4 тұрғын үйлердің құрылысы толығымен аяқталып, аудан тұрғындарына тұрғын үй кезегіне сәйкес мұқтаж жандарға 42 пәтер берілді», – деді Ғани Қазантаев.
Дәл осындай №1,2 тұрғын үйлер құрылысын 2019 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды.
Сонымен қатар, №5,6 үйлердің жобалық сметалық құжаттары дайындалуда. Бұл жоба наурыз айында республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылмақ.