ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА АҚҚУЛАР ҰШЫП КЕЛДІ
Құстың төресі саналатын аққулар Қызылорда облысындағы ауылдардың біріне ұшып келді. Бір жарым ай бойы олар жергілікті тұрғындардың құтты қонақтарына айналып, ерекше қамқорлығында болды.
Сырдария ауданы Жетікөл ауылындағы жеке үйлердің біріндегі тауыққора бүгінде кішігірім зообаққа айналғандай. Мұнда қазір 4 аққу мекендейді. Жергілікті тұрғындар сұлулықтың символы саналатын құстарға қызыға қараса, олардың қораластары - күркетауықтар, халықтың ерекше назарына ие болған көршілеріне қызғана қарайтындай. Құстарды тауып алған адамның айтуынша, Қызылорда облысын бірнеше күннен бері тұмшалаған тұманнан аққулар ауылға адасып келіпті.
«Алғашқы күндері қиын болды, үйрете алмадым. Содан бірте-бірте жемін беріп, суын беріп, аялағаннан кейін қасындағы индюктерге қостым. Сөйтіп әйтеуір жемге үйрене бастады», - дейді жергілікті тұрғын Жарылқасын Камалов. Құстарды қамқорлығында ұстаған азамат - мамандығы бойынша зоотехник. Жануарлар әлемі туралы жақсы білетін ол жаңалығын дереу орман шаруашылығындағы мамандарға жеткізеді. Ақылдаса келе құстарды Шымкенттегі саябаққа жіберу туралы ұсыныс мақұлданады. «Зообағымызда бұл аққулар үшін барлық жағдайлар жасалған. Бізде олар ерекше күтуде ұсталады», - дейді Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Латиф Әлиев.
Адасқан аққулар оңтүстіктегі жайлы мекенге жіберілді. Жануарлардың ендігі тағдыры зообақ мамандарының қолында болмақ. Олар өз кезегінде киелі құстардың санын артыруды назарда ұстаймыз деп отыр, деп жазады 31 арна.