Қызылордада ауа райының қолайсыздығына байланысты 131 адам зардап шекті
Қызылордада ауа райының қолайсыздығына байланысты 131 адам зардап шекті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, қалалық ауруханада 131 адамға көмек көрсетілген. Оның 8-і ауруханаға жатқызылған. Сонымен қатар Арал ауданында 5, Қазалыда 1 адам жарақаттанып, Қармақшы ауданында тағы 1 адам жансақтау бөліміне түскен.
Қызылорда Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қызылорда қаласында 11 жол-көлік оқиғасы орын алып, 2 адам ауруханаға жеткізілген. Ал, қала аумағынан тыс жерлерде 6 көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам жарақаттанған. Адам шығыны жоқ.