Аймақта бірқатар мәдени нысандар пайдалануға берілді
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов мәлім етті.

«Бүгінгі күні заманауи құрылғылармен жабдықталған архивте деректердің барлығы сандық жүйеге көшірілуде. Сонымен қатар, Астананың 20 жылдық мерейтойымен рухани үндес Қызылорда қаласының 200 жылдығында Алаш арыстарының басын қосқан алғашқы астана болып, Қазақ атауын қайтарған тарихи ғимарат Қазақ атқару комитетінің сызбасы үлгісінде «Қызылорда қаласының тарихы» музейі ашылды», - деді Ә.Ерсұлтанов.