Қызылордалық колледждерде "E-COLLЕGE" цифрлық басқару жүйесі қолданысқа енгізілуде
Сыр өңірінде М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледждінде "E-COLLEGE" цифрлық басқару жүйесі қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.

"E-COLLEGE" жүйесіне студенттермен қатар ата-аналардың қатысу мүмкіндігі бар. Ата-аналар анонимді сауалнамаға қатысып, балаларының сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімін бақылай алады.
"E-COLLEGE" цифрлық басқару жүйесі Қызылорда педагогикалық жоғары колледждінде өткізілген семинар барысында облыстағы барлық колледждерге таныстырылды.
Сонымен қатар, колледжде студенттерге қызмет көрсету бұрыштары ашылған. Бүгінгі таңда өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары облыстағы 3 жоғары оқу орнында және 29 колледжде ашылып, тиімді жұмыс жасауда.