Қызылордадан Қарағандыға дейінгі тас жол жабылды
Қызылордадан Қарағанды облысына дейінгі аралықта жол жабылды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автомобиль жолының 12-216 шақырымы аралығына барлық көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынған. Бұл Қызылорда қаласынан бастап Қарағанды облысының шекарасы дейінгі аралықты қамтиды», - деп хабарлайды Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Осыған орай, «Қазавтожол» ЖШС Қызылорда облысы бойынша филиалы аталмыш бағытта көлік қозғалысын шектеу туралы шешім қабылдады.