Қызылордалық полицейлер 30-дан астам автокөлікті қар құрсауынан шығарды
Қызылордалық полицейлер боранда қалып қойған 30-дан астам автокөліктің жүргізушілері мен жолаушыларын қар құрсауынан құтқарды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қызылорда-Павлодар-Успенко» республикалық маңызы бар тас жолының 12 шақырымында департаменттің ЖПҚБ патрульдік-полиция ротасының қызметкерлері Қайрат Ахметов, Нұрбек Алтыбаев және Мақсат Нармановқа 28 қаңтар күні сағат 20-40 шамасында Қызылорда қаласынан келе жатқан «Тойота-Камри» автокөлігі тоқтап, жүргізушісі «Астана-Қызылорда» бағытындағы рейстік автобус кешігіп жатқандығын атап көрсеткен.
Полиция қызметкерлері дереу сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, республикалық тас жолының 25 шақырымынан бастап ұялы телефон байланысы жоқтығын ескеріп, кезекші бөліміне хабарласып жолға шыққан.
Аралау барысында, аталған тас жолдың 198 шақырымында жолда боран болып, жолдың қар құрсауымен жабылғанын байқаған соң, сол жерде Төтенше жағдайлар департаментінің «Камаз» автокөлігімен бірлескен түрде тас жолды аралау жұмыстарын жүргізген.
Нәтижесінде, тас жолдың 205 шақырымынан бастап, Қарағанды облысының аумағындағы 225 шақырымы аралығында тұрып қалған «Астана-Қызылорда» бағытындағы рейстік автобусы 18 жолаушысымен, одан бөлек 5 кіші сыйымдылықты автобус, 11 жүк автокөлігі, 15 жеңіл автокөлігінің жолаушылары мен жүргізушілеріне көмек көрсетіліп, «КазАвтоЖол», Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесіп Қызылорда қаласына жеткізілді.