Қызылорда облысында 6 су қоймасы салынады
Қызылорда облысында 3 млрд текше метр тасқын су жинайтын 6 су қоймасы салынбақ, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Шәменовтің айтуынша, агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 3 млрд. текше метр тасқын су жинайтын 6 су қоймаларын салу жоспарлануда.
«Олардың ішінде, ең ауқымдылары 1,5 млрд. текше метр су жинайтын Қараөзек және 600 млн. текше метр су жинайтын Күміскеткен су қоймалары бар. Себебі, жыл сайын Үлкен Арал теңізіне қайтарымсыз кететін 3 - 4 млрд.текше метр суды Күміскеткен және Қараөзек су қоймаларына жинап, егістікті сумен қамтамасыз етуге, мал және балық шаруашылығын дамытуға жағдай жасалатын болады», – деді