Қазгидромет: 30 қаңтар күнгі ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстан аумағында қаңтардың 30-ы күні болатын ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде қаңтардың 30-ы күні циклон мен атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын болып, елдің оңтүстігінде жаңбыр мол мөлшерде жауады.Республиканың басым өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрғасын соғып, жел күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алакөл ауданы аумағында желдің жылдамдығы 20-25 метрге, екпіні 30 метрге жетеді және одан да күшті болуы ықтимал.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23-28 метрге дейін баруы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бірқатар жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді. Күндіз және түнде желдің екпіні секундына 27 метр болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, түнде және таң ата бірқатар аумақтарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, күндіз оның екпіні 25 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде бірқатар аумақтарда желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумақтарында түнде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола, Қостанай, облыстарында жел 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Қостанай облысында боран болады.
Ақтөбе облысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, кей жерлерде жаяу бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан облысында жая бұрқасын болып, тұман түседі, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысында тұман түсіп, күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.