Қайсарлықтардың жаңа маусымдағы ойыны жаңа стадионда басталады
Орталық стадион осы жылдың көктем айында пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов мәлімдеді.
"Бүгінде Қызылорданың орталық стадионын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта оның 60% жұмысы аяқталды. Сондай-ақ, жүгіру жолы мен алаң толығымен ауыстырылмақ. Жоспар бойынша,жөндеу жұмыстары толығымен сәуір айының соңында немесе мамырдың басында аяқталады деп күтілуде. Стадион пайдалануға берілген соң, ол жерде "Қайсар" футбол командасы ойнайтын болады", - деді Олжас Акимов.
Сонымен бірге, өткен жылы "Қайсар" футбол командасы ҚР Премьер-Лига чемпионатында 5 орынға ие болды. Бұл маусымда команда алдына нақты міндеттер қойды.
Басқарма басшысының айтуынша, қазірде облыстың басты командасы Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарында. Бұл маусымда "Кайсар" алдында Еуропа Лигасына кіру міндеті қойылды. Наурыз айында ойын басталмақ. Орталық стадион жұмыстары аяқталған соң, футбол командасы жаңа маусымды жаңа стадионда ойнауды бастайды. Болашақта команда құрамына бірнеше ойыншылар қосылады. Ойыншыларды іріктеуді клуб басшылығы жүргізеді.