Қызылордада полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы жаңа ғимаратқа көшті
Қызылорда облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы және қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімі жаңа ғимаратқа көшті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Енді басқарма Қызылорда қаласы Бектұрғанов көшесі №70 мекен жайға көшіп орналастырылды.
Ғимараттың бірінші қабатында «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша департаментіне қатысты мемлекеттік қызмет алушыларға қол жетімді «Көші-қон қызметтер орталығын» (бұдан әрі-Орталық) ашу жобасы әзірленуде.
Орталықта шетелдіктерді уақытша тіркеуге, еңбекші көшіп келушілерге жеке тұлғаларда жұмыс істеу үшін рұқсат рәсімдеу мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Орталықтың іске қосылуы ағымдағы жылдың ақпан айында жоспарлануда.