Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 30 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Үй шаруасымен айналысыңыз. Жиһаздардың орнын ауыстырып, кішігірім жендеу жұмыстарын жүргізсеңіз болады. Бұл сіздің үйіңіздің аурасын өзгертеді. Шөп дәрілермен ағзаңызды тазартуға кірісіңіз.
Торпақ
Бүгін материалдық жағдайыңызды жақсартуға тырысасыз. Және ол сіздің қолыңыздан келеді. Шындықтан алшақтамаңыз. Өзіңізге сый жасап қоюды ұмытпаңыз. Ойламаған жерден олжалы боласыз.
Егіздер
Қиялыңызға ерік беріңіз. Бүгін сізге үлкен мүмкіндік туғалы тұр. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Алдағы уақытта өміріңізде ойып тұрып орын алар адаммен танысасыз. Бұл таныстық сіз үшін өте жағымды болмақ.
Шаян
Біреуді таңқалдырамын деп ақшаны босқа шашпаңыз. Сіздің жомарттығыңыз қыржылық дағдарысқа ұшыратуы мүмкін. үйіңізге мол табыс келуі мүмкін. Алайда ол туралы көп айтудың қажеті жоқ. Себебі өзгелердің қызғанышын тудыруыңыз мүмкін.
Арыстан
Бүгін қиын деген тапсырмалардың өзін шешуге бел буасыз. Бұл күні ой еңбегімен айналысуға болады. Жаңа жобаларды қолға алып, тың ойларыңызды жүзеге асыратын боласыз.
Бикеш
Жұмысыңыз алға басады. Егер жұмысты дұрыс атқара алсаңыз, қызметтік сатыда жоғарылайсыз. Ол үшін ақылыңыз бен тапқырлығыңызды қосыңыз. Босқа шығынданудан сақтанып, үнемдеуді үйреніңіз.
Таразы
Бүгінгі күн тосынсыйға толы. Жаңашылдықтан қорықпаңыз. Мәселелерді шешуде батылдық танытыңыз. Ол үшін жаңа тәжірибелерді қолданыңыз. Бұрын жоғалтып алған заттарыңызды табуыңыз мүмкін. Ішкі ойыңызға сеніңіз.
Сарышаян
Бүгін жұмысыңыз көбейеді. Бірақ мойныңызға көп жауапкершілік алмаңыз. Өз күш-қуатыңызды сақтаңыз. Бүгінгі күн шығармашылықпен айналысуға және романтикалық қарым-қатынасқа өте қолайлы.
Мерген
Жанға жағымды таныстықтар орын алуы мүмкін. алайда ол ұзаққа бармайды. Бүгін қолға алған ісіңізді соңына дейін апармауыңыз мүмкін. Ой-өрісіңізді дамытатын іспен айналысыңыз.
Тауешкі
Бүгін жаңашылдық ұмтылмағаныңыз жөн. Салқындап қалудан сақтаныңыз. Айналаңыздағылармен қарым-қатынасыңыз жақсара түспек. Сіз бүгін өте тартымдысыз.
Суқұйғыш
Жұбыңызға немесе жұбайыңызға қарсы тұрудың қажеті жоқ. Бұл ісіңіз тым дөрекі болуы мүмкін. Бүгін әлдекімді жақтырмай қалуыңыз да мүмкін. Жомарттық танытыңыз, сонда ғана барлығы орнына келеді.
Балықтар
Бүгін материалдық мәселелерге көңіл бөлмей, дұға етіп, рухани құндылықтарға қарай жақындаңыз. Техникалық бұйымдарды қолданғанда абай болыңыз. Біраз адамдармен қарым-қатынасты доғара тұрғаныңыз дұрыс.
Дайындаған Динара МАХАНОВА