Аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау жылдан жылға артуда
2018 жылдың 9 айына 23, 8 млн. долларын құрайтын 66,6 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып, 2017 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 27,2 пайызға артып отыр.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов мәлімдеді.
«Облыстан Өзбекстан Республикасына 285 бас түйе, 100 бас ет бағытындағы МІҚ малдары, Біріккен Араб Әмірлігіне 72 бас тірілей түйе экспортталды.Сондай-ақ, Түркістан облысы және Жамбыл облысының ет комбинаттары арқылы Иран Ислам Республикасына және Ресей Федерациясына барлығы 8191 бас қой экспортталды», - деді С. Нұрымбетов.