Қазалыда 3 мыңнан астам тұрғынға жер телімі беріледі
Қазалыда құрылысқа тартылған инвестиция көлемі 3 есеге артты. Өткен жылдың өзінде 6 миллиард теңгеден астам қаржыға 25 нысан салынды. Оның 19-ы пайдалануға берілді. Құрылыс қарқыны биыл да қарқынды жүргізіледі, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz «Qyzylorda» телеарнасына сілтеме жасап.
Қазір Әйтеке би кентімен Қазалы қаласының аралығын қосу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өткен жылдың өзінде 441 гр жерге инфрақұрылым тартылды. Аудандық аурухана мен аудандық сот ғимараты қайтадан салынды. Әйтеке биге еңселі ескерткіш орнатылды. Жаңадан бой көтерген Рәміздер алаңы да алыстан менмұндалап тұр. Қазір мәдениет үйі мен мекемелер үйінің құрылысы жүргізілуде. Келешекте Қазалы 60 мыңнан астам халқы бар үлкен қалаға айналмақ.
Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің аралығынан 3 мыңнан астам тұрғынға жер телімі беріледі. Бұл бағыта инфрақұрылым тарту жұмыстары кезең кезеңімен жүзеге асырылуда. Қаланың көркін кіргізу үшін кәсіпкерлік нысандар аудан әкімдігінің келісімімен салынады.
«Жаңа үлгідегі кәсіпкерлік нысандарын салу үшін де жер учаскесі белгіленеді. Осыған орай 24 кәсіпкерлік нысанын салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ балаларға арналған ойын-сауық алаңын салу үшін де орындары белгіленді. Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бюджеттен 451 млн теңге бөлінді. Әитеке би кентінің аумағында 18 пәтерлік 6 көпқабатты тұрғын үй құрысы басталды. Жобаның жалпы құны 1,6 млрд теңге. 2019 жылы осы тұрғын үйдің құрылыстарын жалғастыруғаға республикалық бюджеттен 457 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар кент пен қала аралығындағы 2 қабатты 12 тұрғын үй құрылысын салу үшін құжаттарын әзірлеп республикалық бюджетке ұсындық», – дейді аудан әкімі Мұрат Ергешбаев.