Мыңдаған жасты жұмыспен қамтыған жобада Қызылорда көш бастады
Кеше А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «ZhasProject» жастар корпусын дамыту жобасының қорытынды форумы өтті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
244 жобаны жеңіп алған жергілікті жас кәсіпкерлер 6 ай бойы атқарған жұмыстарын саралады. Шағын топтан құралған жастардың кейбірі өз өнімдерін өткізуді жолға қойып, бизнесін өрге дөңгелетіп келеді. Жаңадан құрылған жас кәсіпкерлік нысандары алдағы уақытта өз бизнестерін әрі қарай дамыту бойынша түрлі жұмыстар атқарып жатыр.
Өткен жылы басталған жобаға біздің аймақтан бөлек, Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары қатысқан болатын. Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің қолдауымен жүзеге асқан бағдарлама біраз жеткіншекке жаңа жұмыс орнын құрды.
Жастарды, әсіресе осал топтарын, қоғамға сәтті біріктіру және нәтижелі жұмыспен қамту үшін, олардың қажетті дағдыларын дамыту арқылы, қоғамдық пайдалы қызметке тартуды көздеген ZhasProjectтің негізгі мақсаты әлеуметтің әлеуетін арттыру. Сондай-ақ шағын ортаны бәсекелі бизнестің ортасына бейімдеу