Облыстық монополияға қарсы департаментіне жаңа басшы келді
Өтегенова Гүлмира Сейітбекқызы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Г.Өтегенова 1966 жылы туылған. Қарағанды кооперативтік институтын «Тауартанушы», Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін «Экономист» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Жалағаш аудандық тұтынушылар одағында тауартанушы ретінде бастаған.
1995 жылдан бастап осы департаментте басшының орынбасары қызметін атқарып келді.