Жұлдыздар не дейді?
Тоқты
Күннің алғашқы жартысында депозит ашу немесе қаржы құю ісімен айналыспағаныңыз жөн. Әйтпесе, көп шығынға ұшырайсыз дейді жұлдыздар. Түстен кейін барлық ісіңіз алға басады. Қызметте жоғарылайсыз. Достарыңызбен қарым-қатынасыңызды үзіп алмаңыз
Торпақ
Бүгін маңызды жобаларды қолға алмаңыз. Бұл күн сіз үшін жобамен айналысатын күн емес. Бұл орайда сізге өзіңіздің мұқияттылығыңыз өте қажет. Сондықтан әр істе өте абай болыңыз.
Егіздер
Бұл күнді үйде, жақындарыңыздың арасында өткізіңіз. Отбасыңызға көңіл бөліңіз. Отбасылық мереке ұйымдастырып, үй ішіндегілерді қуантыңыз. Бүгін жөндеу жұмыстарын бастаудың қажеті жоқ.
Шаян
Жұмыста түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Мұқият болыңыз. Бұрыс шешім қабылдаудан сақтаныңыз. Әйтпесе, ашуыңызды пайдаланып, аяқтан шалушылар өз ойын іске асыратын болады. Жаныңызға жақын адамдармен бас қосыңыз.
Арыстан
Жеке өміріңізге қатысты шешілмеген мәселелер көп. Сіз біреуді құлай сүйесіз немесе махаббатыңызбен айырылысасыз. Қайсысы болса да, барлығы жақсы аяқталады.
Бикеш
Бүгінгі күн құбылмалы болмақ. Ұжымдастармен сөзге келіп қалудан сақтаныңыз. Қаражатыңызға да мығым болғаныңыз жөн. Сыртыңыздан әңгіме тасушылар көп. Тек жақын адамдарыңызға ғана сенім артыңыз.
Таразы
Эмоцияңызды сыртқа шығармауға тырысыңыз. Демалысты жақсы көңіл-күйде өткізуге тырысыңыз. Үй тіршілігін кейінге қалдырыңыз. Достарыңыз немесе туыстарыңыз көмек сұраса, қол ұшын беруден қашпаңыз. Түсіңізде аян беруі мүмкін.
Сарышаян
Өзіңізге қатысты шиеленіскен істі тасада отырып-ақ шеше аласыз. Сіз өз ісіңізге риза боласыз. Бірақ жүйкені жұқыртқан мәселе ең алдымен сіздің денсаулығыңызға зиян келтіріп, көңіл-күйіңізді түсірері анық.
Мерген
Денсаулығыңызға абай болыңыз. Сонымен қатар тәуекелшіл болмаңыз. Барлық кездесулерді кейінге қалдырып, тек үйде демалыңыз. Жағымсыз хабар күтіп тұр. Ішімдікке көп әуестенбеңіз.
Тауешкі
Күтпеген жаңалық орын алады. Біраз мәселелер туындауы мүмкін. жаныңыздағыларды өз дегеніңізге көндіру үшін біраз шешендік өнер қажет. Отбасыңызға сіздің қолдауыңыз жетіспейді. Барынша оларды қолдап, қорғап жүріңіз.
Суқұйғыш
Күш-жігеріңіз бойыңызға сыймай, жақсы көңіл-күйде боласыз. Қонаққа барудан бас тартып, үйде болғаныңыз жөн. Отбасыңызға көңіл бөліңіз. Түстен кейін отбасылық мереке ұйымдастырып, балаларыңызға қуаныш сыйлаңыз.
Балықтар
Бүгін көп кикілжіңдер орын алады. Бірақ уайымға салынудың қажеті жоқ. Осы уақытқа дейін қарым-қатынастарыңыз дұрыс болмаған жандармен қайта татуласасыз. Қаржы жағынан аздаған қиындықтар туындауы мүмкін. Қаражат жағынан жақындарыңыз көмектесетін болады.