Алдағы 3 тәулікте елімізде тұрақсыз ауа-райы сақталады
Қар, бұрқасын және ауа температурасының күрт ауытқуы күтіледі.
26-28 қаңтар аралығына Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа-райы күрт өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Zakon.kz "Қазгидромет" РМҚ сілтеме жасап хабарлайды.

Ал циклонмен байланысты атмсофералық фронттармен қар, бұрқасын және батыстан қатты жел күтіледі.
Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа температурасының күрт ауытқуы күтілмейді, бірақ атмосфералық фронттармен бұл аймақтарда жылбысқы қар, таулы аймақтарда қатты қар, көктайғақ және тұман түсуі ықтимал.