27 қаңтар: оқиғалар мен атаулы күндер
1992 жылы Өскемендегі мыс-қорғасын комбинатында салмағы 10,5 кг Қазақстанның тұңғыш алтын кесегі өндірілді.
2006 жылы «Қазпошта» акционерлік қоғамы Әубәкір Ысмайыловтың шығармашылығына арналған «Бейнелеу өнері» сериясының пошта маркасын айналымға енгізді. Маркада суретшінің 1928 жылы салған Абай портреті бейнеленген. Соңғы 10 жыл төңірегінде Г.Ысмайлованың «Қыз-Жібек», С.Калмыковтың «Фантастикалық натюрморт», Х.Наурызбаевтың «Шопан портреті», Ж.Шәрденовтың «Биік таулар», М.Кенбаевтың «Асауға құрық салу», А.Ғалымбаеваның «Кеседегі қымыз», С.Айтбаевтың «Бақыт» сияқты туындылары «Бейнелеу өнері» сериясымен пошта маркаларында бейнеленген болатын.
1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Давоста (Швейцария) өткен Бүкілодақтық экономикалық форумға қатысты. Форум барысында болып өткен көптеген кездесулердің арасынан Елбасының Еуропаның бірнеше мемлекеті, Америка, Азия мемлекеттерінің басшыларымен және бірнеше ірі халықаралық қаржы ұйымдарының басшыларымен кездесуін атап өтуге болады. Әңгімелер барысында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жолдары қарастырылды.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдары реттеу және қадағалау агенттiгi «Казначейство» бiрiншi ашық жарналы қаржы салу қорын тiркеді. Оның басқару серiктестiгі «Сентрас Секьюритис». Бұл қор бастапқы салымы 100 мың теңге болатын кіші номинальды құнға тең кең ауқымды инвесторларға қолайлы.
2006 жылы Қарағандыда Қажылар одағы құрылды. Орталық мешітте өткен жиналыс барысында бірігу туралы шешім қабылданды. Негізгі мақсаттары - шариғатты имамдарға түсіндіруде көмек көрсету.
2010 жылы Мәскеуде Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына орайластырылған «Аңыз батыр» («Легендарный батыр») атты жинағы жарық көрді. Қазақ және орыс тiлінде шығарылған жинаққа халық батыры Бауыржан туралы қазақ жазушылары Шерхан Мұртаза, Елей Әлiмжанов, Мұқамеджан Катимханның естелік шығармалары және Мәскеудің мұрағаттарында сақталған бұрын жарияланбаған Бауыржан Момышұлының күнделіктері кірді.