Жастар жылы жас қазақстандықтарға қандай мүмкіндіктерге жол ашады?
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жастар жылының ашылуында сөйлеген сөзінің қорытындысы бойынша негізгі месседждері жарияланды. Бұл туралы oldkaz.kyzylorda-news.kz АА ҚР Қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
- «Жас Маман» (100/200) бағдарламасы әзірленетін болады: 200 мың қазақстандық 200 танымал білім беру мекемелерінің базасында 100-ден аса танымал мамандықтар бойынша дайындалады;
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мамандықтардың тізімі кеңейтіледі. Ауылға көшкен жас мамандарға 100 АЕК (252,500 теңге) көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі;
- Студенттік еріктілерге арналған стипендиялар 30% -ға өседі;
- Стартаптарды қолдау Қоры құрылады;
- «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге екі есе көлемде гранттар бөлінеді;
- Жыл сайын Алматы, Астана, Шымкент қалаларында жас отбасыларға жалға берілетін тұрғын үй аясында кем дегенде 1000 пәтер салынатын болады;
- Біздің елімізде қашықтықтан білім беру саласы кеңейтіледі, бұл үшін Open University жобасы әзірленеді;
- Жас ғалымдардың қолданбалы ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға жыл сайын 3 млрд. теңге бөлінеді.
Мемлекет басшысы Қазақстандағы жастар жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысқанын естеріңізге сала кетейік, оның шеңберінде сапалы білім беру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, тұрғын үй мәселесін шешу, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды дамытуға бағытталған шаралар қабылданатын болады.