Мүмкіндігі шектеулі жандар үйде отырып оқу оқып, жұмыс істей алады
2018 жылы XXI жылдың цифрлы біліктілігіне оқыту жобасы бастау алып, өз тиімділігін көрсетті, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Басты мақсат мүмкіндігі шектеулі жандарды, көпбалалы аналарды, жұмыссыздарды, мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарды қамту болды. Оқыту 15 сабақтан тұратын SMM арқылы жүргізілді. Осы орайда білім алған мектеп түлектері ендігі өздерін табысы бар жұмыспен қамтып отыр.
2018 жылдың 28 желтоқсанында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен БҰҰ Даму Бағдарламасы мен Әмір Сүлейменовтің ISIT мектебі арасында келісімге қол қойылды. Осы келісімге сәйкес, мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуына гранттар беру қарастырылған. Келісім шартта пилотты жобаны аймақтар деңгейінде енгізу қадамы жазылған.
Қазір SMM-менеджерлері, SEO-мамандығы, контексті жарнама, JAVA-әзірлеушілер, бағдарламалау және мобильді қосымшаларды әзірлеу мамандықтарына оқыту жүріп жатыр. Бүгінгі күні 25 адам грантқа оқуға қол жеткізді. Биылғы жылы 1000 адамды оқыту жоспары бар.
ISIT Интернет технологиялардың инновациялық мектебі – ТМД елдері ішінде ашылып отырған алғашқы әлеуметтік мектеп болып табылады. Ол халықтың осал топтарын оқытатын мектеп. Күндізгі және онлайн оқыту интернет-маркетинг, веб-әрлеу, бағдарламалау және мобильді қосымшаларды әзірлеу бағыттары бойынша жүргізіледі.