Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 25 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Үйіңізге қонақ шақыруға өте қолайлы күн. Сонымен қатар сәнді заттар мен бағалы көне бұйымдар алуға қолайлы күн. Мерекелік кеш ұйымдастырып немесе өзіңіз қонақ боласыз. Бүгін сіз өте сүйкімді, әрі тартымдысыз.
Торпақ
Романтикалық кеш өткізуге сәтті күн. Жұбыңызға деген ерекше сезіміңіз артады. Сондықтан бүгінгі күнді ерекше етіп өткізуге тырысыңыз. Сондай-ақ бұл күні бассейнге барып, бір серпіліп қалуға да болады.
Егіздер
Осы уақытқа дейін көрген-білгеніңізді, өмірден түйгеніңізді қазіргі таңдағы мәселелерді шешуге пайдаланыңыз. Көп табыс табамын деген ойыңыз жүзеге аспайды. Оған басшылықтың кедергі келтіруі әбден мүмкін.
Шаян
Үйдегі қиын мәселелер отбасындағы үлкен кісілердің араласуымен шешіледі. Жұмыстағы қиын мәселелерді шешу үшін лауазымды тұлғалардан көмек сұраңыз. Осы орайда «Жылы, жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» дегенді ұмытпаңыз.
Арыстан
Күтпеген жерден мол қаржыға ие боласыз. Үй немесе автокөлік алуды жоспарлап жүрсеңіз дәл осы күн сізге сәтті болмақ. Сәл салқындап, сырқаттанып қалсаңыз, уайымдамаңыз. Үй жағдайындағы ем-домнан кейін аттай шауып кетесіз. Әріптестеріңіздің қолдауымен қызметтік сатыда бір саты жоғарылайсыз.
Бикеш
Бірқалыпты күн. Бүгін отбасындағы мәселелерді талқылап, көптен жауап табу керек болған сауалдарды саралайсыз. Жұмыста серіктестеріңізден қолдау табасыз. Отбасыңызда да жұбайыңыз сізден өз көмегін аямайтыны анық.
Таразы
Шығармашылықта шыңдала түспексіз. Айналаңыздағылармен ашық-жарқын араласу сізге жаңа, әрі қызықты дүниелерді ұсынатын болады. Бірақ шығармашылыққа қатысты біраз келіспеушіліктер болуы мүмкін. романтикалық кездесуге өте ыңғайлы күн.
Сарышаян
Теңізге саяхат жасауға мүмкіндік туып тұрса, жол жүгіңізді жинай беріңіз. Бұл саяхат сәтті болады. Ұсақталудан сақтаныңыз. Әйтпесе жұрттың әңгімесіне қалып, жаман атты боласыз. Жалған ақпараттарға сеніп қалмаңыз. Сондықтан қандай да бір жаңалық естісеңіз, оның шындыққа жанасатындығына көз жеткізіп алыңыз.
Мерген
Отбасыңыздың ұйытқысы болуға тырысыңыз. Жұмыста да ұйымдастырушылық қасиетіңізді көрсетіңіз. Бүгін маңызды жоспарларды орындаймын деп өзіңізге көп жүк арпаңыз. Бүгінгі күн демалысқа, бала тәрбиесімен айналысуға, сондай-ақ үйге жиһаз алуға қолайлы күн.
Тауешкі
Басыңызды ауыртып, әрнәрсеге бола жүйкеңізді жұқартпаңыз. Өзіңіздің жасаған іс-әрекеттеріңізге есеп беріп, артық мінез көрсетуден сақтаныңыз. Сіз бұл мінезіңізбен серіктестеріңіз немесе әріптестеріңізді қорқытып алуыңыз мүмкін
Суқұйғыш
Сіздің қолыңыздан барлығы келеді. Алға қойған мақсаттарыңызға жетуге кедергі келтірген мәселелерді де біржақты етесіз. Бұл күні сіз біраз шаруа тындырасыз. Аздаған ұтысқа ие болуыңызда ғажап емес. Ішімдікке аса құмартпағаныңыз жөн. Ол сіздің денсаулығыңызға кері әсерін беруі мүмкін.
Балықтар
Бүгін тереңнен ойланып, іске мығым боласыз. Бірақ көп уақытыңызды әңгіме айтуға жұмсап, аздаған мәселелер туғызуыңыз мүмкін. Көңіл-күйі жоқ, мінезі ауыр адамдардың жанына жақындамағаныңыз абзал.
Дайындаған Динара МАХАНОВА