Жаңа бастама: «Digital agent» мобильдік қосымшасы арқылы қызмет көрсетушінің жұмысына баға бере аласыз
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Digital agent» мобильдік қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
«Құрметті қызмет алушы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттырғыңыз келе ме?! Онда, «DIGITAL AGENT» мобильдік қосымшасын пайдаланыңыз! Мобильдік қосымшаның артықшылығы –қызмет алушылар сол мезетте мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға бере алады», – делінген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің таратқан хабарламасында.
Қазіргі таңда мобильдік қосымша арқылы"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталықтары, Қазақстан Республикасының Қаржы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің аумақтық бөлімшелерімен көрсетілген қызметтердің сапасына баға беру мүмкіндігі бар.
Қосымшаны App Store, Play Market арқылы жүктеуге болады.