КРЕЩЕНДІК СУҒА ТҮСУДІҢ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қаңтардың 18-19 қараған түні Крещение – дәстүрлі мерекесі аталып өтіледі. Жүздеген православтықтар бұл күні су көздеріне барып, суаттарға, ойықтарға шомылады. Сенімдерге сәйкес бұл күні су барлық күнәлар мен сырқаттарды шаяды.
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде суға түсуге әуесқой адамдарға төмендегідей қауіпсіздік шараларын сақтауды талап етеді.
- суға түсуге тек қана осы Крещендік шомылуға арнайы жабдықталған жерлерге баруға;
- суға сүңгу алдында қысымды өлшеуге кеңес береміз, сүңгуге жайлы эмоциялық күйде болғанымен, суға түсер алдында сақтық шараларын сақтаған жөн. Өйткені, арнайы дайындықсыз және денені шынықтырусыз мұзды суға түсу түрлі сырқаттардың асқынуына алып келу мүмкін. Жоғары артериялық қысымда тамырлардың жиырылу қауіпі жоғарылайды, сонымен қатар микроинсульт болуы да мүмкін, ал егер қысым төмен болса, сіңір түйіліп, суда естен тану қауіптілігі жоғары;
- суға сүңгу алдында спирттік ішімдіктер ішуге болмайды, өйткені ішімдік тез арада дененің салқын тиюіне алып келіп, жүрекке артық салмақ түсіреді;
- денені бірте-бірте ақырындап суыту қажет: ең алдымен жоғарғы киімді шешіп, бірнеше минуттан соң – аяқ киімді, содан соң белге дейін шешініп, суға жайлап түсу қажет;
- суға түсер алдында денені кез-келген майлы креммен немесе зәйтүн майымен ысқылау қажет:
- суда екі минуттан артық тұруға болмайды;
- содан соң сүлгімен сүртініп, жылы ғимаратқа баруға асығыңыз.
Крещендік суға түсу кезеңінде мұзға шығуда сақтық шараларын сақтаңыздар, суатқа топ болып шығу қауіпті, мұздың қалыңдығы әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан мұзда ерекше сақтықпен жүрген дұрыс.
Мұз жабындысының бұзылуын байқасаңыз, ең алдымен сабырлылық танытып, үрейге берілмей, тез әрі ақырындап, мұз бетіне жатып, қауіпсіз жерге жорғалау қажет. Егер сонда да мұз жарылып, суға түсіп кетсеңіз, қолыңызды кеңінен жайып, басыңызды жоғары көтеруге тырысыңыз. Ең алдымен мұздың бетіне бірінші аяғыңызды, одан кейін екіншісін, содан соң жайлап, қауіпті жерден жылжып кету қажет. Мұзға түсіп кеткен адамға көмектесу үшін оның қолына белдік, шалғы, таяқ немесе басқа да қолда бар заттарды беріп, ақырындап шығару қажет.
Қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтаған сәтте ғана зардап шекпейтініңізді ұмытпаңыз.
Қызылорда облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы