АВТООРЫНДЫҚТАН БАСҚА ДА ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ – ІІМ
Елімізде автоорындықтың жыры жалғасып жатыр. Әсіресе, бірнеше баласы бар ата-аналар мен такси жүргізушілері бұл заңға қатысты әлі де бас қатырып жүр. Оның себебі де түсінікті: халыққа ақпарат дұрыс жетпей жатқандықтан, осындай «ажиотаж» пайда болған. Сондықтан, Орталық коммуникациялар қызметіне келген Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха осы мәселеге қатысты толық түсініктеме берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Игорь Лепеха мәлім еткендей, бұл заң өткен жылдың сәуір айында қабылданып, қоғамның талқылауынан өтіп қойған.
«Қазір балаларға арнаған автоорындық мәселесі Бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы «бірінші тақырып». Сондықтан, осы мәселеге толық тоқталып, мән жайды түсіндірсем. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Жол қозғалысы туралы БҰҰ конвенциясын бекіткені белгілі. Егер қандай да бір мемлекет халықаралық құжатқа қосылса, сол халықаралық құжаттағы нормалар басымдыққа ие болады. Сондықтан, біз ол ережелерді ұлттық заңнамамызға енгізуге міндеттіміз. Яғни, біздің заңнамаларды сол нормаларға сәйкестендіреміз. Міне, осы Конвенцияға сәйкес және осы Конвенцияны жүзеге асыру аясында жол апаттары кезінде балаларды аман алып қалу үшін қауіпсіздік белдігі жеткіліксіз болғандықтан, автокөліктегі балаларды апат кезінде ұстап қалатын құрылғылар туралы ресми тұжырымдамаға қосымшалар әзірленген болатын. Неге екенін білмеймін, осы құрылғылар туралы ережеге келгенде барлықтарыңыз тек автоорындыққа «қадалып» қаласыздар. Автоорындық – сол құралдардың бірі ғана.
Конвенцияда, заңдарда, кез келген ережеде «балаларды ұстайтын құрылғылар» деп жазылған. Міне, біз әзірлеген «Жол қозғалысы туралы» заңға біз осы норманы енгіздік. Заңды өткен жылдың сәуір айында әзірлеп болған соң, Мемлекет басшысы қол қойды. Заңға қатысты талай талқылаулар, комитет отырыстары ұйымдастырылды. «Жол қозғалысы туралы» заң барлық мемлекеттік органдармен, Ішкі істер министрлігінде аккредитациядан өткен барлық органдармен келісілген»,-дейді ол.
Оның айтуынша, Заңда «жүргізуші 12 жасқа толмаған балаларды арнайы орындық немесе баланы ұстап отыратын басқа да құрылғыларсыз тасымалдай алмайды» делінген. Яғни, бұл жерде тек автокресло туралы ғана емес, басқа да құралдар туралы айтылған.
«Бірақ, неге екенін білмеймін, бүкіл ақпарат құралдары тек автоорындық туралы ғана жазып, айтып жүр. Ал, басқа да құралдар туралы сөз қозғалмайды. Білсеңіздер, балаларды алып жүруге болатын басқа да құралдар өте көп»,-деп түсіндірді ол.