24 қаңтар: атаулы күндер мен оқиғалар
1996 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заң күші бар Жарлығы шықты.
1939 жылы Чилиде алапат жер сілкінісі болды. 50 мыңнан аса адам қаза тапты. Жер сілкінісі салдарынан Чильян қаласында үш-ақ ғимарат аман қалған.
2008 жылы Елімізде алғаш рет балалар үйі туралы жазылған кітап жарық көрді. Журналист Светлана Буратайдың «Айналайын» деген атпен шығарған туындысы Талдықорған қаласындағы балалар үйіне арналған. Кітап үш бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмде осы шаңырақтың құрылу тарихы, сол үйде қызмет жасап жүрген тәрбиешiлер хақында айтылады.Екiншi бөлiмде балалардың ой-пiкiрлерi, басынан өткен деректi жағдайлар баяндалады. Соңғы бөлiмде балаларға арналған әңгiмелер, ойтамшылар орын алған. «Айналайын» кiтабы Алматы қаласындағы «Кiтап «Дәуiр» баспасынан 1000 данамен жарық көрдi.
2008 жылы Көкшетауда «Бабалар аманаты» атты сегіз беттік, екі бояулы қазақ тіліндегі басылымның алғашқы саны жарық көрді. Жаңа басылымның құрылтайшысы «Қазақ тілі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Газеттің негізгі мақсаты мемлекеттік тілдің дамуы, қолданыс аясының кеңеюі, қазақ тіліндегі озық тәжірибелерді молынан насихаттау, тілдің тарихы мен мәдениеті, жас ғалымдар мен мамандарға жәрдем көрсету, ұлттық педагогика мен ұлттық психология, таным мен тәрбие, оқыту процесіндегі өзекті мәселелерді жүзеге асыру болып табылады. Сондай-ақ басылымдағы тіл мәселесі туралы толымды толғаныстар, әдістемелер, балғындар шығармашылығы кеңінен қамтылатын болады. Мұғалімдерге, ата-аналарға, жалпы көпшілік қауымға арналған газет еліміздің солтүстік өңіріне кеңінен таратылмақ.
2011 жылы Ертістің Павлодар өңіріне 7-ші қысқы Азиада ойындарының Алауы мен тасымалданбалы оттығы жеткізілді. Ақ Азиада тарихында алғаш рет ұйымдастырылған Алау эстафетасы еліміздің барлық аймақтарын аралады. Павлодар достық шырағын қабылдап алған он екінші қала болды.