Қызылордада үй салуға асықпайтын тұрғындардан жерлері қайтарып алынады
Қызылорда қаласында баспана тұрғызуға асықпайтын азаматтардан берілген жер учаскелері қайтарып алынады.

«Біз 2005 жылы жер кезегіне тіркелген тұрғындар мәселесін толықтай шештік. Енді 2006 жылы жасалған тізімге кезек келді. Барлық инфрақұрылым мәселесі шешілген «Бәйтерек» шағын ауданында пайдаланылмаған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл жерлер кезекте тұрған келесі азаматтарға беріледі», - деді Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халық алдында есеп беру шарасында.
Айта кетелік, қазіргі таңда Қызылорда қаласында 53 мыңға жуық адам жер кезегінде тұр.