Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер жылы
Бүгін Астанада «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Айтулы шараны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 1500-ден астам білім алушы және оқытушылары бейнеконференция жүйесі арқылы көруге мүмкіндік алды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиында Президент ауылға барған жастардың жәрдемақысын көбейтуді, жас ғалымдардың фундаменталды және қолданбалы зерттеуіне бөлінетін гранттық қаржыландыруды жыл сайын 3 млрд теңгеге арттыруды сондай-ақ жастардың бастамаларын қолдайтын арнайы қор құруды тапсырды.
Бүгінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жастар жылына арналған іс-шаралар жоспарын бекітіп, жастар ісі жөніндегі комитет, тәрбие жұмысы және жастар саясаты басқармасы, 19 жастар ұйымы мен клубтар жоспарды жүзеге асыру бағытында белсенді жұмыс жасауды қолға алды.
Комментарии 1