Жастар жылы жаңашылдыққа бастайды
Астана қаласында өткен Жастар жылының ашылу салтанатына куә болдық. Жиында сөз алған Елбасымыздың бастамаларынан ерекше әсер алдым. Менің ойымша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген бастамалар ішінен жұмыссыздық мәселесі өзекті деп ойлаймын.

Сонымен бірге, Үкіметке «Жас Start Up» жобаларын қолдау қорын құруды тапсырды. Бұл өз кезегінде жастардың өзін-өзі жұмыспен қамтылуына және кәсібін өркендетуге септігін тигізбек.
Әлібек ІЗБАСАРОВ,
Арал аудандық "Жастар ресурстық оралығы" КММ-нің директоры