Қызылордада көлік қағып кеткен азаматтың жағдайы ауыр
Қызылордада көлік қағып кеткен азаматтың жағдайы ауыр, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz.
Қызылорда қаласындағы Шевченко көшесінің бойында болған жол апатынан екі адам зардап шеккен, оның біреуінің жағдайы ауыр. Жәбірленуші 42 жаста, жедел жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізілген.
«Науқас 20 қаңтарда сағат 20.30-да оқиға орнынан қалалық ауруханаға жеткізілді. Бас сүйегінің ашық сынығы мен дененің көптеген соққылары анықталды. Оның жағдайы ауыр сондықтан жасанды демалу аппаратына қостық. Біз науқасты аман алып қалу үшін бар күшімізді саламыз», - дейді қалалық аурухананың бас дәрігері Бауыржан Төлеген.
Полиция апат орнынан қашып кеткен жүргізушіні әлі іздеп жатыр. Оқиға орнында болған куәгерлер болса Полицияға хабарласуын сұраймыз.