Қоғамның негізгі өзегі – жастар
Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді.

Елбасымыз жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім – ғылымға және мәдениетке аса көп назар аударатыны, ғылыми прогрессті дамыту үшін көптеген қызмет атқарып, еліміздің дамуындағы білімнің маңызын айтып, нұсқау беруі – бәрі де еліміздің экономикасының қарыштап дамуындағы бірден – бір өзгеріс екені баршамызға айқын. Сондықтан, Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ!
Айдос ОМАРОВ
«Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы
«Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы