Табысты жандардың алғашқы қадамы қандай болған?
Атақты кәсіпкерлердің алғашқы еңбек жолындағы қызықты оқиғаларын Ruh.kz сайтына сілтеме жасап oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі жариялайды.
Майкл Блумберг, Bloomberg
Тәжірибенің керексізі болмайды, оны іске асырып үйрен.
Табысты кәсіпкер Нью-Йорктың 108-ші мэрі Forbes тізіміндегі әлемнің бай адамдарының қатарынан табылып отыр. Ол 2018 жылғы рейтингте 11-сатыдан көрінді. Болашақ миллиардер қарапайым бухгалтер мен хатшы отбасында дүниеге келген. Оның мектептегі, университеттегі бағалары орташа болатын. Майкл жоғары сынып оқып жүргенде жұмыс істеген оргтехниканы сатумен айналысатын фирманың қызметкерінің ақылымен Джонс Хопинкс университетіне түседі. Алайда, білім ордасының қабырғасындағы соңғы оқу жылында Блумберг оқытушылардың бәрін таң қалдырып, үздік студенттердің қатарына кіреді. Оны тәмамдаған соң, болашақ кәсіпкер Гарвардтың бизнес мектебіне қабылданып, оны сәтті аяқтап шықты да, Salomon Brothers-ға жұмысқа қабылданды. Осы ірі инвестициялық компанияда Майкл бар қырынан танылып, ең төменгі дәрежедегі жұмысшы болып қабылданғанмен, уақыт өте келе аға серіктесіне айналды.
Осындағы сәтті 15 жылынан кейін штат қысқартылды деген сылтаумен Блумбергті жұмыстан шығарып тастайды. Бірақ, өзі «мұның сыры басшылардың бірімен сөзге қалып қалуым» деп түсіндіреді.
39-жастағы қаржыгер көшеде қалды, бірақ оның жұмыс орынан 10 миллион доллар шегінбелі қаржы келіп түседі. Сол жылы Блумберг Innovative Market System-ді құрды, кейінірек оның атын Bloomberg L.P. етіп өзгерткен еді. Компанияның жұмысы қаржыға байланысты ақпарат берумен байланысты. Блумберг Salomon Brothers технологиясын өзіне ауыстырып алды деп айыптамас үшін өзінің жаңа бағдарламасын құруды қолға алды. Осылайша, қаржы нарығын бақылауда ұстап, анализ жасауға мүмкіндік беретін терминал ойлап тауып, оны сатудан бірден-ақ 600 мың доллар табыс тапты.
Кейінірек Блумбергтің қаржылық компаниясы медиаимперияға айналды. Bloomberg News Service ақпараттық агентігі қаржы нарығындағы жаңалықтарды бұқаралық ақпарат құралдарына 1990 жылдан бері жеткізіп отырды. Кейінірек холдингке WNEW радиостанциясы, Bloomberg Information Television 24 сағат бойы жұмыс жасайтын жаңалықтардың телебағдарламасы мен Bloomberg Magazine қосылды. Өз жобасындағы сәтті тәжірибені Блумберг Нью-Йорктың мэрі болып тағайындалғанда да қолдана бастады. 12 жылдың ішінде ол жұмыссыздық пен қылмысты азайтып, білім беру жүйесін реформадан өткізіп, экологияны жақсарта білді. Бір қызығы, ол жылына 1 доллар ғана жалақы алған.
Амансио Ортега, Inditex
Сізге сенім артпаса да, тоқтай көрмеңіз.
Бұл испандық кәсіпкердің аты көпке танымал емес, бірақ оның балаларын әлем жақсы біледі. Бір жыл бұрын ол әлемнің ең бақуатты адамдар арасындағы көшбасшылық үшін талас жүргізген еді. Оның әкесі теміржолшы болса, анасы бір үйде жалшы қызметін жасайтын. Ақшаның жетіспеуінен Ортега мектепті аяқтай алмай, 13 жасынан бастап, жейде дүкенінде шабарман болып жұмыс жасады.
Амансио 14 жасында өзін сәнгердің көмекшісі рөлінде сынап көреді. Бірақ, одан тігінші шығады деп ешкім ойламаған еді.
1972 жылы Ортега өзінің трикотаж фабрикасын ашып, әйелі екеуі өз үйлерінде тапсырыс бойынша киім тігеді. Ал бір күні серіктесі тауардың біршама бөлігін сатып алудан бас тартып, бұларды аса қиын жағдайда қалдырған еді. Олар бұл мәселені сауда-саттыққа шығу арқылы шешіп кетті. Сол кезде ашылған кішігірім Zara дүңгіршегі, кейін бренд Inditex корпорациясына айналды.
Анна Цфасман, «Даблби»
Өз өніміңізге сенімді болсаңыз, стереотиптермен күресе білесіз.
Өзінің айтуынша Цфасман жеке кәсіппен айналысамын деп ойламаған. Ол «Кофеин» желісінің бас директоры болып, бес жылдай жұмыс жасайды. Оның компаниядан кетуіне кофе түйіршектерінің сапасын төмендетуді сұраған инвесторларға қарсы шығу сеп болған. Кәсіпкер нарыққа сәл кейінірек өзінің жеке жобасымен келді. Шеф-баршы Ольга Мелик-Каракозова екеуі бірігіп өздерінің кофеханаларын ашты.
Алдымен, «Кофеинның» бұрынғы қызметкерлері шай мен кофе жеткізуші дүкендер желісін ашуға ниеттенеді. Олардың бизнес-жоспарларында жарты жылда нүктелер санын 300-ге жеткізу негізгі мақсат-тын. Алайда, орындарды жалға берушілерді кофехана арқылы сендіруге мүмкіндік болған соң, осыған тоқталады. Кәсіптерін инвестициялайтындар да жылдам-ақ табылып, кәсіптеріне 1 миллион доллар «құйылады».
«Даблби» жобасының мақсаты өте қарапайым: келушілерге әлемнің үздік кофесін ұсыну.
Қазір бұл кофехананың 85 нүктесі бар: біздің Астананы қоса есептегенде, Мәскеу, Санкт-Петербург, Дубай, Барселона, Прага, Тбилисиде келушілерді қабылдауға дайын.
Кофе бизнесінде Цфасманға ең үлкен кедергі келтірген стереотиптермен күрес: адамдар кофеге сүт, қант, шәрбатты қосуына аса сақтықпен қарайды. Әзірге қос бизнесвумендердің таңдалған тәсілдері іске асып келеді. Болашақта шығыны аз DoubleB White кофеханасы мен DoubleB Black кофе-алкогольді бар ашу жоспарға енгізілген.
Майки Джагтиани, Landmark Group
Адамдарға не керегін табыңыз да, соны ұсыныңыз.
Үндістандық Джагтиани отбасысы Кувейтке көшіп келіп, ұлдарын Лондонда колледжге оқуға жібереді. Алайда, ол артқан үмітті ақтаған жоқ: емтихандардан құлап, алкогольге салынып, оқуын тастап, ақыры соңында такси қызметіне жұмысқа кірген. Осындай сәтсіздіктен соң, Джагтиани отанына оралады. Бірақ, оны үлкен қасірет күтіп тұре еді: отбасындағылардың барлығы бір-бірінің артынан о дүниеге аттанады. Ал Майкиге мұраға 6 мың доллар мен ағасы дертке шалдықпай тұрып саудамен айналысу үшін жалға алған Бахрейндегі жер қалды. Джагтиани өз елінен Кувейтке көнкөріс үшін келгендерге сату үшін барлық ақшаға балалар киімін сатып алады. Алғашында ешкімнің көмегінсіз жұмыс жүргізеді. Бұл сатып алушыларды өзіне қарату үшін бірнеше идеяларын тудыруына көп көмегін тигізген. Мәселен, әйелдерін күтіп, аяғы ауырмас үшін ер адамдарға орындықтар қою. Қазір кәсіпкерге бас штабы Дубайда орналасқан Landmark Group компаниясы тиесілі. Ол тоғыз елде қызмет жүргізеді. Соған қарамастан, Джагтиани орташа бағадағы тауарларға көп көңіл бөледі.
Дональд Трамп, АҚШ президенті
Өзіңізді аңыз адамға айналдырыңыз, сонда басқалар сізге жақындауға тырысады.
Трамп табысты кәсіпкердің баласы. Сондықтан ол бала күнінен қиындық көрмей, жеке мектеп-интернат пен Уортон бизнес мектебін тәмамдап, әкесінің құрылыс компаниясына жұмысқа орналасады. Колледжде оқып жүргенде Трамп көппәтерлі кешеннің модернизациясы жобасын жасап, 6 миллион доллар табысқа кенеледі. 1989 жылға дейін болашақ президент бай әрі табысты болды. Алайда, барлығын қаржылық дағдарыс өзгертіп кетті. Ол несие алып қымбат нысандарды тұрғыза бастайды да, несиенің орнын басқа да қарыздармен толтырады. Бұл идея оны одан сайын құрдымға жіберді. Тармптың жалпы қарызы 9,8 млрд долларға жетіп, компанияны толықтай банкротқа ұшыратты. Осындай қиын сәтте кәсіпкерге адамдармен келісім жасай алу қабілеті көп көмегін тигізді. Ол алты кредиторге бесжұлдызды қонақ үйдің өз бағасынан 49%-ға түсуге келісім береді. Бұл көмегі үшін Трамп олардың қарызын қайтаруда біршама жеңілдіктерге ие болды. Кәсіпкер Trump Shuttle авиакомпаниясынан бас тартып, құрылыс алаңдарының бір-бірде біреуінің меншік құқығын сақтап қала алмады. Оған орташа жалақы ұсынып, құрылысты басқаруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ғимараттардағы өз тегін сақтап қалуға рұқсат етті.
Мен Нью-Йорк көшелерімен жүріп келе жатып, үйі жоқ қаңғыбастарды көргенде «қандай бақытты жандар» деп ойлаушы едім. Себебі, олар менен 9,8 млрд долларға бай. (Дональд Трамп)
1995 жылы Трамп бұрынғы жетістігіне жету үшін Trump Hotels & Casino Resorts акционерлік қоғамын құруға талпыныс жасайды. Оның құрамына өзінде қалған казино кіретін. Алайда, компания акциясының бағасы құлауына орай, бұл қадамы да 1998 жылы үлкен қарыздармен аяқталады. Көптеген қаржылық қиындықтарға қарамай, Трамп өз тегін брендке айналдыра алды.
Ол бұдан кейін «Кандидат» телешоуын, бөтелкедегі су желісі мен Visa Trump картасын шығарып, ірі құрылыс жобаларын жүзеге асырады. Оның өмірбаянының әрбір екінші жолында «банкрот», «қарыздар» деген секілді сөздер кездессе де, ол көпшілікке табысты кәсіпкер ретінде таныла білді.