ӨТКЕН ЖЫЛЫ БИЗНЕСТІ ТЕКСЕРУ 67%-ҒА ТӨМЕНДЕДІ
ШОБ-ты тексеруге жарияланған мораторий бизнес нысандарын тексерулердің жалпы санының 176 мыңға (67%) төмендеуіне ықпал етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Мемлекет Басшысы жариялаған мораторий жылдық тексерулердің жалпы санының 176 мыңға немесе 67%-ға төмендеуіне ықпал етті. Бұл ретте жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерулердің саны 142 мыңға немесе 82%-ға (173 082-ден 30807-ге дейін), оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулер 136 мыңға немесе 86%-ға (158915-тен 22050-ге дейін) төмендеді», - деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийдің әрекет етуінен бастап мораторий шарттарының жаппай бұзылуы туралы дабылдар келіп түскен жоқ. Бақылаушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен бұзушылықтың 5 фактісі тіркелген, олар бойынша прокуратура органдары прокурорлық қадағалау шараларын қабылдады.
Бұл ретте мемлекеттік органдардың 35 өтінімі бойынша олардың Жарлық пен Бас Прокурордың Жеке кәсіпкерлерді тексеру мәселелері бойынша нұсқауының талаптарына сай келмеуіне байланысты тексерулерді келісуден Бас прокуратура бас тартты.
"Мүдделі мемлекеттік органдары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бас прокуратураның қатысуымен жарияланған мораторий әсерінің индикаторларының жобасын әзірледі.Қазіргі кезде мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдар аталған индикаторлар бойынша тиісті талдау жүргізуде", - делінген мәліметте.